Жолдау заңнамалық базамен қамтылады

«Мемлекет басшысының барлық бастамасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз».

Бүгінгі жолдау бойынша Палата бюросының отырысын өткізген Сенат Төрағасы осылай деді. Мәулен Әшімбаев 4-ші сессияға арналған жоғары палата жоспарына Президент тапсырмаларын қосып, жұмыс қайта пысықталатынын жеткізді. Мәселен, құрылыс кодексі мен банктер туралы заң бар. Alatau City-ді дамытуға арналған құжат та маңызды. Инвестициялар тарту жүйесі, мемлекеттік секторды реформалау және парламенттік реформа жүргізу қажеттігі де айтылды. Цифрлық кодекстің сапалы қаралып әрі уақытылы қабылдануы да назарда болады, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Жолдауда Президент жасанды интеллект дәуірінде еліміздің алдында тұрған күрделі мәселелерді көтерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 3 жылда жаппай цифрлы мемлекетке айнауы тиіс деп нақты мақсат қойды. Осы бағытта Парламенттің алдында тиісті заңнамалық база құру мақсаты тұр. Жалпы Мемлекет басшысы белгілеп берген барлық бастаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз.