Қазақстан Венгрияға экспортты ұлғайтады
Қазақстан Мажарстанға тауардың 95 түрін экспортауға дайын. Екі ел ынтымақтастығының жай-жапсарын Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен талқылады.
Айта кетейік, былтыр қос ел арасындағы тауар айналымы 6% - ға өсіп, 200 млн долларға жетті. Ал биыл жеті айда көрсеткіш тағы 27% - ға артып, 150 млн доллардан асты. Көліктік-логистикалық байланысты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты маңызды рөл атқарады. Осы арқылы қазақстандық жүктерді Еуропаға тасымалдауға жол ашады. Бұдан бөлек, келер жылы мажарстандық компаниямен Будапеште интермодальды терминал салу жоспарланған. Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту саласында ұзақмерзімді әріптестік перспективалары арнайы қарастырылды.