Президент БАӘ Қорғаныс министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады. Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық талқыланды.

Президент Әмірліктердің саладағы жетістіктеріне тоқталып, озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды. Сондай-ақ екі ел қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, Астана серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын. Өз кезегінде мейман бұл сапар әскери саладағы ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Ал кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін құрметті қонақты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.