Қ. Тоқаев Кипр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президенті Никос Христодулидисқа жеделхат жолдап, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жазбада оның отандастарына бақ-береке тіледі. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.