Шетелдік сайлау комиссияларының өкілдері жастармен кездесті

Бурабайдағы алқалы жиында жастар арасындағы электоралды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған жобалар талқыланды.

Сайлау комиссиясының өкілдері дауыс беру ережесі мен ондағы қажетті құжаттар жайында мағлұмат берді. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың сайлау кезіндегі белсенділігін артырту мәселесі көтеріліп, шешу жолдары ұсынылды.

Ғалым Шойкин, саяси ғылымдар кандидаты:

- Электоралды мәдениетті тәрбиелеу мәселелерін білім жүйесіне еңгізу, мысалы жастар саясатының төңірегінде бұл мәселелерді қарастыру. Ақпарат, азаматтық қоғам даму салаларында да осындай өздерінің тетіктерін еңгізе тұра біз міндетті түрде қоғамдағы қазіргі оң өзгерістерді қолдайтын боламыз.