Қ. Тоқаев: Жасанды интеллектті жауапкершілікпен қолдану қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды екенін атап өтті. Кеше Астанада Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында білім беру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы тұңғыш зерттеу университетін құру туралы шешім қабылданды. Ал бүгін «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы жұмысын бастайды. Бұл орталықта инновациялар мен тың идеялар жүзеге асады. Елде екінші супер-компьютер кластерін іске қосу да жоспарланып отыр. «Жасанды интеллект тек игі мақсатқа қызмет етуі керек. Адам игілігі басты орында тұрады. «Alem.ai» жасанды интеллектіні барынша тиімді әрі этикалық нормаларға сай қолданатын жаһандық орталық болуға тиіс. Жасанды интеллект технологиясын жауапкершілікпен қолдану өте маңызды. Сондықтан жаңа университет және «Alem.ai» орталығы біртұтас экожүйе-нің негізгі өзегі ретінде қызмет етуі керек», - деді Президент.