Президент: Жасанды интеллект қызметі заңмен реттелуі өзекті
Президент жасанды интеллектіні пайдалану үшін тиісті заңнама реттеу қажет екенін атап өтті. «Озық технологияларды қолдану, бір жағынан пайдалы және тиімді болғанымен, екінші жағынан сын-қатер де аз емес.
Сондықтан Жасанды интеллектіні пайдалану үшін,.. тиісті заңнамалық негіз қалыптастыру аса өзекті міндет», - деді Мемлекет басшысы. Қазір Цифрлық кодексті жедел қабылдау үшін нақты жұмыс жүріп жатыр. Кодексте экономика, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларын жаппай цифрландыру жүйесі айқындалады. Осы орайда Президент Цифрлық кодексті асығыс қабылдай салуға да болмайтынына тоқталды. «Бұл шын мәнінде жауапты, күрделі жұмыс. Сол себепті Парламентте сарапшылардың, құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі бойынша арнайы тыңдаулар өткізілді. Бір апта бұрын Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» Заңды екінші оқылымда қабылдады. Расында, бұл уақтылы қабылданған заң болды», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадамға шетел мамандары да жоғары баға беріп отырғанын тілге тиек етті.