Астанаға ресми сапармен Мажарстан президенті Тамаш Шуйок келді
Астанаға ресми сапармен Мажарстан президенті келді, деп хабарлайды 24kz.
Ақордада президент Тамаш Шуйокті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Жоғары дәрежелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Екі ел басшылары ресми делегация өкілдерімен танысып, құрметті қарауыл ротасының сәлемдесу рапортымен мемлекеттік гимндер қойылды. Салтанатты жиын артынша ресми келіссөздерге ұласты.