Тоғыз жолдың торабындағы Әзербайжан

Әзербайжан Оңтүстік Кавказдағы қарқынды дамып жатқан елдердің бірі саналады.

Елдің мұнай-газ секторы экономиканың негізгі өзегі, жалпы ішкі өнімнің және экспорттың қомақты бөлігі осы салаға тиесілі.

Қазір ел үкіметі экономиканы әртараптандыруға және туризмді дамытуға басымдық беріп отыр. Сондай-ақ көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып, аймақтағы транзиттік әлеуетін арттырып келеді.

Әзербайжан Оңтүстік Кавказдағы ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі болып саналады. Ұлттық экономиканың негізін мұнай-газ секторы құрайды. Оның үлесіне жалпы ішкі өнімнің 30%-ға жуығы және ел экспортының 90%-дан астамы тиесілі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық инфрақұрылым және ақпараттық технологиялар белсенді дамып келеді. Әзербайжан жасыл энергетика мен өнеркәсіпке инвестициялар құю арқылы экономиканы әртараптандыруға ұмтылуда. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша 2025 жылы Әзербайжанның жалпы ішкі өнімі шамамен 3%-ға өскен.

ЦИТАТА: Ильхам Әлиев, Әзербайжан президенті

Елдің берік экономикасы тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Соңғы 20 жылда Әзербайжанның ішкі жалпы өнімі төрт есе өсті. Бюджет кірістері 30 есеге, сыртқы сауда айналымы 10 есе артты.

Дереккөз: Azernews  

Туризм Әзербайжан экономикасының перспективалы саласының бірі. Оның елдің жалпы ішкі өніміндегі үлесі шамамен 5%-ды құрайды. Салаға қонақүй бизнесі, көлік, тамақтандыру, сондай-ақ мәдени және сауықтыру қызметтері кіреді. Негізгі бағыттар – мәдени-тарихи туризм мен тау шаңғысы курорттары. Маңызды дәстүрлі шаралардың бірі – 2016 жылдан бері Бакуде өткізіліп келе жатқан «Формула-1» Гран-при жарысы. Халықаралық дода он мыңдаған шетелдік қонақты елге тартып, жыл сайын миллиондаған доллар табыс әкеледі. Болжам бойынша 2025 жылы Әзербайжан туризм саласынан түсетін кіріс шамамен бір миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін.

ЦИТАТА: Гёйдениз Гахраманов, Әзербайжан туристік агенттіктер қауымдастығының басқарма төрағасы

Соңғы жиырма жыл ішінде Әзербайжанның туризм және қоғамдық тамақтану саласы бұрын-соңды болмаған серпінге ие болды. Көрсеткіштер 19 есеге артты. Бұл елдің әлемдік туризм картасындағы орнын айқындап, шетелдік қонақтар үшін тартымды бағытқа айналдырды. Осы кезеңде Әзербайжанға келген шетелдік туристердің саны үш еседен аса өсті.

Дереккөз: en.apa.az 

Әзербайжан көпвекторлы әрі прагматикалық сыртқы саясат жүргізіп отыр. Батыс, Ресей, Түркия және ислам әлемі елдерінің мүдделері арасында теңгерім сақтауға ұмтылады. Негізгі бағыттардың бірі – Түркиямен стратегиялық әріптестікті дамыту, Еуропалық одақпен энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастықты арттыру негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Ел халықаралық ұйымдарға белсенді қатысады. Сонымен қатар Әзербайжан өзін Еуропа мен Азия арасындағы «Орта дәліз» бағыты бойындағы транзиттік хаб ретінде де танымал.

Әйгерім Ардаққызы