Әлемдік бәсекеге қабілеттілік: рейтинг талаптары

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде бағалау критерийлері қандай?

IMD рейтингті елдерді келесі төрт негізгі бағыт бойынша бағалау арқылы жасайды: 

БАҒАЛАУ БАҒЫТТАРЫ:

Экономикалық қызмет

Үкімет тиімділігі

Бизнес тиімділігі

Инфрақұрылым 

Қазақстан қай көрсеткіштер бойынша жақсарды? 

Еліміз екі негізгі бағытта айтарлықтай дамыды:

Бизнес тиімділігі бойынша 28-орыннан 20-орынға көтерілді;

Инфрақұрылым бойынша 49-орыннан 44-орынға жоғарылады. 

Бұл нәтижелер Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен іскерлік орта сапасының жақсара түскенін айғақтайды.