Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады
Мемлекет басшысы «Астана Опера» театрында Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Рухтың асқары – Қазақстан» мерекелік концертіне барды. «Астана Опера» театрының сахнасында қазақстандық белгілі артистер мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.