Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды 24KZ Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап. 

✔️Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда.
✔️Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.