Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады.
11-12 қарашаға жоспарланған сапар аясында Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін XXI Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады. Сапар аясында бірқатар екі жақты маңызды құжаттарға қол қою көзделген.