Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Реджеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.