Қ. Тоқаев пен В. Путиннің келіссөзі басталды

Кремльдің Георгий залында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Салтанатты шарадан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөзі басталды. Ақорданың баспасөз қызметі кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланатынын хабарлайды.