Астанаға Армения премьер-министрі келеді
20-21 қараша күндері Астанаға Армения премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен келеді.
Сапар аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөз өтеді. Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.