Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады, — делінген хабарламада.