Қ. Тоқаев Иран президентін Ақордада қарсы алды. Live

Елордаға ресми сапармен Иран Ислам Республикасының Президенті келді. Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқыламақ.