Қ. Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады
18 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. Бұдан бөлек Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.