Президент Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының төрағасын қабылдады

Елде Жапонияның металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылуы мүмкін. Жаңа бастама геологиялық барлау жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл мәселе Қасым-Жомарт Тоқаев пен аталған ұйым төрағасы Ичиро Такахару кездесуінде қарастырылды. Тараптар геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды орнықты басқару бағыттарындағы ынтымақтастық жайын талқыланды. Президент компанияның Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады. «Бұл бірлескен жобаларды тиімді үйлестіруге, сондай-ақ Жапонияның өндірістік және технологиялық компанияларының ел нарығына көптеп келуіне ықпал етеді», - деді Мемлекет басшысы.