Komatsu компаниясы Астанада өндірістік кешен салады

Жапониялық Komatsu компаниясы Астана қаласында техникаларды күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салады. Президент компанияның директорлар кеңесі төрағасын қабылдап, бұл шешімді құптады. Хироюки Огавның айтуынша, кәсіпорын Орталық Азиядағы тау-кен техникаларын аз уақыт ішінде әрі төмен бағада жөндейтін, оларға жедел сервистік қызмет көрсететін ірі хабқа айналады.

Сонымен қатар, елімізде операторларға, механиктер мен инженерлерге арналған аймақтық оқыту орталығын ашуды жоспалап отыр. Маман даярлау мәселесіне баса мән берген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға да қолдау білдірді. Сондай-ақ жобаның адами капиталды дамытуға, өнеркәсіптік серіктестікті тереңдетуге зор үлес қосатынын айтты. Қазақстан өндірісті локализациялауға, елдер арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Айта кетейік, Komatsu әлемдегі ең ірі машина жасау корпорацияларының бірі саналады.