Қ. Тоқаев Жапония премьер-министрінің ресми қабылдауына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысты.
Акасака мемлекеттік сарайына келген Президентті Санаэ Такаичи қарсы алды. Айта кетейік, ертең мұнда «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді. Алқалы отырысқа Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.