Президент ЖЕЭК отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты.
Келелі кездесуде сөз алған қазақ басшысы алдымен қонақжайлық танытып, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ресей Президент Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Петербургтегі дәстүрлі кездесу жылды қортындылап, алдағы уақытқа жоспар құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты. Осы кезең ішінде өзара сауда-cаттық тұрақты түрде өсіп, ірі инфрақұрылым жобалары табысты жүзеге асты және өнеркәсіп кооперациясының аясы кеңейе түсті.