Мәжіліс жылды қорытындылады

Мәжіліс жылдың соңғы жалпы отырысын өткізіп, 2025-ті қорытындылады.

Ерлан Қошановатың айтуынша, биыл 100 заң қабылданды. Оның 24-не депутаттар бастамашылық жасаған. Елдің негізгі құжаттары саналатын су, бюджет, салық, құрылыс және цифрлық кодекстер бойынша жұмыс аяқталды. Одан бөлек, Мәжіліс төрағасы Жасанды интеллект туралы заңға ерекше тоқталды. Осы құжат арқылы Қазақстан ЕуроОдақтан кейінгі аталмыш салаға арналған заңы бар екінші юрисдикцияға айналды. Лудоманиямен күрес күшейіп, телефон алаяқтарын тұсауға арналған жаңа шектеулер енгізілді. Некеге тұруға мәжбүрлеу де реттелді. Енді депутаттар өңірлерді аралайды. Сол кезде қабылданған заңдар азаматтардың өміріне қаншалықты әсер етіп жатқанын түсінідіп, бағамдамақ. Азаматтардың мәселесін де жіпке тізіп, Үкіметте жеткізу міндеті тұр.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Биыл Президент алдымызға қойған барлық міндетті мерзімінде жүзеге асыра алдық. Қабылданған заңдар мемлекетіміздің одан әрі дамуына жағдай жасап, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігі тигізері анық. Нормаларды бірқатарын депуттардың бастамалығы арқылы іске асыра алдық. Бұл құжаттарда халық пен мемлекет мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етіліп, бизнесті дамытуға жағдай жасалды. Келесі жылы да осы қарқынды сақтауымыз қажет.