Қорғаныс министрлігінің қызметіне қатысты аралық қорытынды шықты

Қорғаныс министрлігінің қызметінің кешенді тексерісі әлі жүріп жатыр. Мемлекет Басшысы құрған арнайы комиссия аралық қорытынды ұсынғаны мәлім болды, деп хабарлайды 24KZ.

Сүзгіден ведомствоның 104 нысаны өтуде. Мұнда бюджет қаржысының аудиті жалғасып жатыр. Комиссия қауіпсіздікті қамту, әскери қызметке тиісті жағдай жасау, азық-түлік, киім-кешекпен жабдықтау мен медициналық көмек көрсету сапасын жіпке тізген. Мемлекеттік мүліктің сақталуы да басты назарда. Жекелеген құқық бұзушылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Тергеу мүддесіне сәйкес қосымша мәлімет әзірге жарияланбайды.

Сондай-ақ оқыңыз: