Биыл Мемлекет басшысы 9 өңірге барды

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев елдің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік және мәдени нысанды аралап көрді.

Сондай-ақ 16 облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады. Президенттің көмекшісі - Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм-каналында жылдың ең елеулі сәттеріне тоқталды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер болды. "Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды" делінген жазбада.