2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

2026 жыл - Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес Үкімет Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Ал оның орындалуын Президент әкімшілігі бақылайды.