Үкіметте үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үкіметте халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің бастамасымен өткен жиында осыған дейінгі кеңестің қорытындылары, сондай-ақ жобаларды жүзеге асыру рәсімдерін одан әрі оңтайландыру мен жеделдету жөніндегі ұсыныстар қаралды. Жиында бірлескен бағдарламаларды кеңейту перспективалары жайлы да сөз қозғалды. Дүниежүзілік банктің еліміздегі өкілі Андрей Михнев мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік кепілдіктерді қамтитын көп жылдық инвестициялық жоспар бекітуді ұсынды. Энергетикалық қуат көздерінің бірінен екіншісіне көшу саласындағы бастамалар да өз алдына бөлек талқыланды. Үкімет басшысы жиын соңында мемлекеттік органдарға халықаралық әріптестермен бірлесіп ұсынылған ұсыныстарды пысықтауды, іс-қимылдарды үйлестіруді және бірлескен инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.