Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдайды

Сыр елінде өткен құрылтай саяси өзгерістерімен есте қалды. Жастар осылай дейді.

Бес жылдың бедерінде Құрылтай нәтижелі жұмыс істеді. Көпшілік алқалы жиын, билік пен бұқараны бір алаңға тоғыс-тыратынына сеніммен қарайды. Жастар бір палаталы Парламенттің құрылатынына және оның Құрылтай деп аталу ұсынысын қолдайтындарын айтты.

Азат Теңгебаев, «Respublica» партиясы жанындағы «Respublica jastary» жастар қауымдастығының координаторы:

- Кешегі өткен құрылтайдан біз күткен жағдайлар, жалпы бір жүйелі Парламенттің болуын күттік. Одан бөлек депутаттардың санының көбеюі, партиялардың санының көбеюі күткен нәтижелеріміз осылар болды.

Нұрқанат Әлімғазыұлы, Л. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты

- Сыр елінде өткен құрылтайдың маңыздылығын айта кетсек, бұл тарихымызда алтын әріппен жазылатын құрылтай болды.  Осы құрылтайдың басқа құрылтайдан ерекшелігі саяси мағынасы жоғары болғанын атап өтсек болады. Жалпы құрылтай еліміз үшін өте маңызды, осы құрылтайда бірнеше саяси маңызды шешімдер қабылданды. Мағынасы жоғары ұсыныстар білдірілді. Осы бес жылдықта құрылтай өзінің жұмысын толықтай жоғары деңгейде атқарып өтті деген ойдамын.