Сарапшы конституциялық реформа бойынша пікір білдірді
Қазақстандағы конституциялық реформа ең алдымен адам мүдделеріне бағдарланған.
Мәжіліс депутаты Марат Башимов осылай дейді. Айтуынша, адам құқығы мен әділетті мемлекет қағидаттарын нығайту басты назарда. Мәселен, алғаш рет конституциялық деңгейде қорғаушының ролі күшейіп, дербес деректерді, балалар мен отбасының құқықтарын қорғау кепілдіктері кеңейтілуде. Сондай-ақ азаматтық қоғамның шешім қабылдауға қатысуына ерекше көңіл бөлінеді.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мен өзім 2022 жылдан конституциялық реформаға қатысып келемін. Және Президент көтерген бастамалардың дәйектілігін көріп отырмыз. Біз адам құқықтары, жеке деректерді қорғау, экологиялық, ақпараттық құқықтарға қатысты нормалар енгіздік. Қазір адамның жеке деректерін қорғау өте маңызды. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік теңдікке назар аударылды.