Конституциялық реформа жауапкершілікті күшейтеді
Конституциялық реформа – саяси жүйенің жаңа кезеңге сай дамуын айқындайтын маңызды қадам. Сарапшы Бекжан Мейірбаев осындай пікір білдірді.
Оның пайымынша, Ұлттық құрылтайда Президент ұсынған тың бастамалар ел дамуының нақты бағытын көрсетеді. Билік тармағын жаңғырту, бір палаталы Парламент құру оң өзгерістерге жол ашады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту арқылы, теңгерімді билік моделін қалыптастыруға бағытталған.
Бекжан Мейірбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы:
- Жалпы алғанда реформа әділетті қоғам құруға, сол арқылы азаматтардың тұрақтылық құқығы болашаққа сенім мәселелерін шешуге көмектеседі. Менің ойымша, елдің болашағы үшін ең маңызды және қағидатты өзгерістердің бірі президенттік өкілеттіліктің сәл ағартылғаны. Бұл мызғымас бастам ретінде келесі басшылар үшін норма болады.