Жол сапасын бақылайтын орталықтың жауапкершілігі күшейтіледі

«Жол активтері сапасы» ұлттық орталығының жауапкершілігін күшейту керек. Мекеме шешім қабылдап, қорытынды береді, деп хабарлайды 24KZ.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары көлік жолы саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді. «Жол салу, жөндеу, пайдалану бойынша тәжірибелі сала мамандарының пікірі ескерілсін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев. Ал техникалық мәселе инженерлер, технологтардың тікелей қатысуымен қаралуы керек. Сондай-ақ жүгін асыра тиейтін ауыр жүк көліктерінің қозғалысын қатаң қадағалау қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз: