Жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпаратпен күрес күшейеді
Жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру қажет.
Премьер-министр Олжас Бектенов осы мәселеге арналған кеңес өткізіп, барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Кеңесте жалған әрі бұрмаланған ақпаратпен күреске баса назар аударылды. Себебі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын әрі арандатушылық сипаттағы ақпарат таралып жатыр. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ішкі істер министрлігіне жалған мәлімет таратқандарды қатаң құқықтық жауапқа тарту тапсырылды. Ал тиісті үйлестіру үлестіру жұмысы Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.