Павлодар облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды
«Конституцияның 84 пайызының өзгеріске ұшырауы – жалпыұлттық диалогтың нәтижесі», - дейді павлодарлықтар.
Облыс активі жиын өткізіп, конституциялық реформаның негізгі бағыттарын бірлесе талқылады. Жаңа Конституцияның азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтауға және саяси жүйені жаңғыртуға бағытталғаны сөзсіз, - дейді сарапшылар. Сондай-ақ білім мен ғылымды, және адами капиталды дамытуға басымдық берілгені оқытушылар қауымын қуантты.
Салтанат Әубәкірова, Торайғыров университетінің проректоры:
- Енді біз жоғары оқу орының өкілі ретінде бұл мәселелердің болуы орынды деп санаймыз. Себебі ғылым коммерцияландырылуы керек және ол біздің еліміздің экономикасына әсер етуі керек. Сонда ғана ел ғылым арқылы дамитын болады.