Қ. Тоқаевтың сапары аясында Исламабадта бірқатар мәдениет, спорт нысандары ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Яссауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.
Кешен екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылды. Орталық базасында қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ кешен негізінде тоғызқұмалақ және қазақ күресі бойынша пәкістандық федерациялар құру, Қазақстан шахмат академиясының, сондай-ақ екі елдің грэпплинг пен бокс федерациялары арасындағы ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр. Қос мемлекет пәкістандық жаттықтырушылар мен спортшыларды оқыту үшін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын қолға алмақ.