Реформа — мемлекетті жүйелі жаңарту жолы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Конституциялық реформаларды Қазақстанның саяси жүйесінің кезең-кезеңімен, жүйелі түрде жаңаруы деп қабылдауға болады.
Жалпыеуропалық медиа-желісінің баспагері, Брюссельде жиырма жылдан астам журналист болып еңбек етіп келе жатқан Георги Готев осындай пікір білдірді. Ол Қазақстандағы өзгерістерді 2019 жылдан бері мұқият бақылап келеді және 2022 жылы президенттік мерзімді шектеу туралы референдум кезінде Астанада болған. Готевтің пайымынша, бұл бастамалар билікті бақылауды арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.
Георги Готев, жалпыеуропалық EUalive.net медиа-желісінің басшысы:
- Меніңше, бұл – дұрыс жол. Ережелер мен институттарсыз жүргізілген күрт саяси өзгерістер қоғамдық ресурстардың талан-таражға түсуіне, бейберекетсіздікке және адами капиталдың сыртқа кетуіне алып келуі мүмкін. Мен Болгарияданмын, сондықтан мұның не екенін жақсы түсінемін. Сол себепті Қазақстан дұрыс бағытта келе жатқанына сенімдімін.