Референдум - ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға
Қазақстан азаматтары референдумға белсенді қатысады деп сенеміз.
Алдағы маңызды кезең ел болашағын айқындайды. Сенат төрағасы наурызда өтетін республикалық референдумға қатысты осындай пікір білдірді. Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, Конституцияның жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталған. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бастама "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екенін жеткізді. Осы арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасып жатқанын айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Өздеріңізге,белгілі, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы республикалық референдумға шығарылады. Бұл ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға. Конституцияның жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз. Сол арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасуда.