Жетісуда жаңа Конституцияны қолдайтын өңірлік коалиция құрылды

Жетісу облысында жаңа Конституцияны қолдайтын өңірлік коалиция құрылды.

Оның құрамына бес саяси партияның мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, кәсіпкерлер, еріктілер мен қоғам белсенділері бар, барлығы 300-ден аса адам енген. Коалиция құрамы Талдықорған қаласында бас қосып, алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Кездесу барысында Ата заңға енгізілген өзгерістер туралы арнайы сабақ ұйымдастырылып, конституциялық реформаның мән-маңызы жөнінде жан-жақты мағлұмат айтылды. Алдағы уақытта коалиция мүшелері ауылдар мен аудан-қалалардағы еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен кездесулер өткізіп, басты мемлекеттік құжаттың жобасын түсіндіру және оны кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Гүлнәр Тойлыбаева, облыстық коалиция төрағасының орынбасары:

- Бәріміз бірлесіп, еліміздің ата-заңы жазылып жатқаннан кейін әрқайсымызға қатысты болғаннан кейін осы коалицияда бір ауыздан бір мақсатта жұмыс істейтін боламыз.