Жамбыл облысында жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі коалиция құрылды
Жамбыл облысында жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалиция құрылды.
Құрамында өңірдегі 5 жетекші саяси партия төрағасы мен мүшелері, еңбек ұжымдары бар. Түсіндіру тобына заңгерлер мен азаматтық қоғам өкілдері де қосылды. Енді 53 адамнан тұратын коалиция мүшелері алдағы 4 апта бойы аймақта ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Референдум қарсаңында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездеседі. Бұл бағытта «Amanat» партиясының жанынан 318 адамнан тұратын 12 штаб құрылды.
Дауыл Бейсенқұлов, "Amanat" партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:
- Қазіргі жаңа Ата заңымызға енгізіліп жатқан өзгерістер барлық салаға өзгеріс әкелуде. Алға басуға алып келеді. Сондықтан әр саладағы сала өкілдері мамандары сол ұйымның көзкөргендері бұл түсіндіру жұмыстарына шет қалмай өз үлесін қосуға ниеттерін білдіріп отыр.