Deutche Welle Қазақстандағы жаңа Конституция жобасына пікір білдірді
Жаңа Конституция жобасы алдыңғы қаңтар айындағы нұсқамен салыстырғанда бірқатар өзгерістермен толықтырылды. Бұл туралы Deutche Welle тілшісі Анатолий Вайс-Копф хабарлады.
Құжатта адам құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Жобаға сай, ел аумағында тұратын әр адам мемлекет тарапынан құқықтық қорғауға ие болады. Вице-Президенттің құзыреті қайта қаралып, оның қызметтік міндеттері нақты айқындалған. Сондай-ақ Астананың мәртебесін арнайы Конституциялық заң арқылы бекіту ұсынысы да енгізілді. Бұған қоса, орыс тілінің қолданылуына қатысты тұжырым жаңартылып, мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны көрсетілген деп жазды - Дойче Велле ақпарат агенттігі.