Импортты алмастыру үшін 200-ден астам жоба іске қосылады

Елде шетелден әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдерін азайту үшін 200-ден астам жаңа жоба іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы айтты.

Рустам Қарағойшинның сөзінше даму институттары 15–20 ірі өндіріс орнын ашуға күш салмақ. Ал шағын бизнеске қолдау 7 млрд теңгеге дейін мемлекеттік кепілдік арқылы банктермен беріледі. Сонымен бірге азық-түлік қауіпсіздігін күшейту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Министрлікпен бірге ет комбинаттары, сүт зауыттары, тері мен жүн өңдейтін цехтарды қамтитын 2,3 трлн теңгеге 208 жоба таңдалған.