Жаңа Конституция — болашаққа бағдар
Елімізде ұсынылған жаңа Конституция жобасы түрік саясаткерлерінің ерекше назарын аударды.
Түркияның ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасының бас кеңесшісі, түрколог-профессор Рухи Ерсой мұны ұлттық дәстүр мен заманауи құқықтық жүйені үйлесімді тоғыстыру деп бағалайды. Сарапшының пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланғалы мемлекетті басқару тетіктерін жаңғыртуға, демократиялық институтты нығайтуды көздейтін сындарлы саясат жүргізіп келеді. Ал жаңа конституция ұлттық құндылық пен тарихи-мәдени мұраны сақтай отырып, елді ұзақмерзімді стратегиялық даму жолына бағыттайды. Профессордың айтуынша, Парламент атауынан бастап Құрылтай институтына дейінгі өзгерістер мемлекеттің өркендеуіне зор ықпал етеді.
Рухи Ерсой, түрколог, профессор, ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасының бас кеңесшісі:
- Конституцияны жаңғырту және оны бүкілхалықтық референдум арқылы бекіту – Қазақстандағы демократияның дамуы мен мемлекеттік институттардың заман талабына сай жаңғыруын көрсететін маңызды қадам. Бұл мемлекеттік институттарды заман талабына бейімдеп қана қоймай, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді күшейтеді. Бұл Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығына және тұтас түркі кеңістігіндегі ықпалдастыққа оң әсер етеді.