Жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына жауап береді

Сарапшылар алаңында Ерлан Қарин жаңа Конституцияның өзегіне енген қоғам сұранысын атап өтті. 

Негізі басымдықтардың бірі экология, әйелдердің құқығын қорғау, дәстүрлі құндылықтар мен мемлекеттің зайырлы сипатын нақты әрі айқын түрде айқындау. Конституция жай ғана жоғары заңдық құжат емес, ол қоғамдық келісімнің көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда жаңа жоба ұлттық болмысымыз бен негізгі мәселелер бойынша табиғи түрде қалыптасқан қоғамдық келісімді айқынырақ бейнелейді, деді Мемлекеттік кеңесші.