Сарапшы жаңа Конституция жобасына талдау жасады

«Әлемдегі геосаяси жағдай шиеленіскен шақта Қазақстан атқарушы орган міндеттерін күшейтіп, ел басқару ісін оңтайландыруға көшті. Бұл - сыртқы сын-қатерлерге толықтай сай».

Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Обаид Ахмед Әли Әлзааби осылай дейді. Еліміздегі жалпыхалықтық референдумға ұсынылатын өзгерістерге терең талдау жасаған саяси шолушы Ата заң жобасының стратегиялық сипаты басым екенін атап өтті. Бұл төңіректе ол пікір-пайымын сараптап, интернет желісіне жүктеді. Кейін автор Абу-Дабиде қазақстандық дипломаттармен жүздесіп, референдум жайлы ой бөлісті. Оның айтуынша, Конституциялық жаңғыру елдің стратегиялық орнықтылығын күшейтеді. Айта кетейік, Президенттің Ата заңға өзгеріс енгізу және басқару тетіктерін жетілдіру бастамасы бірқатар араб басылымында жарияланды.

Обаид Ахмед Әли Әлзааби, Халықаралық қатынастар саласы бойынша сарапшы:

- Қазіргі технологиялық және геосаяси өзгерістер жағдайында Қазақстанға қуатты атқарушы билік қажет. Сонымен қатар демократиялық процестерді оңтайлы іске асыру міндеті тұр. Осыны ескерген Қазақстан атқарушы орган міндеттерін күшейтіп, ел басқару ісін оңтайландыруға көшті. Конституцияны жаңғырту бюрократияны азайтып, стратегиялық тұрғыдағы шешімдерге жедел бейімделуге мүмкіндік береді.