Петропавлда коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті

Петропавл қаласында жаңа Конституция жобасы талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» атты жалпыхалықтың коалиция мүшелері жергілікті жұртшылықпен келелі кездесу өткізді. Сонымен қатар жұмыс тобы өнеркәсіп нысандарын аралап, еңбек ұжымдарымен тілдесті.

Жалпыхалықтық коалиция мүшелері өткізген жиынға мәдениет, ғылым және білім салаларында еңбек етіп жүрген 250 адам қатысты. Олар конституциялық реформа жайлы ойларын ортаға салып, негізгі тұстарын талқылады. Шара барысында сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Конституция жобасында адам капиталы ел дамуының басым бағыты ретінде айқындалғанын атап өтті. Ал бұл әділетті қоғамның көрінісі.

Сәуле Мәлікова, облыстық мемлекеттік архивтің директоры:

- Жаңа Конституциямыз – бұл біздің Қазақстанның болашағы. Бұл біздің болашығымыздың әділетті, прорессивті, болашағы мол, жан-жақты дамыған жастарымызға алдына қоятын мақсаттарын көрсететін, жол көрсететін үлкен іс.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Президенттің бастамасымен жаңа конституцияның жобасы халыққа ұсынылып жатыр. Мен айтар едім, бұл Конституция негізінде біздің Ата заңымыз осы болашақта қалай өмір сүреміз, қандай демократиялық ел құрамыз, заң үстем болатын адал азамат жұмыс істейді деген сияқты осындай жағдайда біз Ата заңызымызды қабылдап жатырмыз. 

Жұмыс тобы бұдан кейін өнеркәсіп нысандарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Бұл Петропавлдағы инновациялық жылыжай кешені. Қарапайым жұмысшылармен сөйлескен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева «еңбек адамын құрметтеу – жай ғана сөз емес, заңмен бекітілген өмірлік қағида болуы керек» деді.

Бақыт Мұқамедия, кәсіпорын қызметкері:

- Жаңа Конституцияның енгізілуі негізі жас ұрпақ үшін, жалпы Қазақстан ұлты үшін, ел үшін және Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностарға өзінің бір септігін тигізеді деп ойлаймын. Және де біздің қазақи құндылықтарымызды әрі қарай дәстүрімізді жаңа түрде сақталуына, алдағы уақытта еліміздің 30 дамыған елдің қатарына кіруіне өзінің септігін тигізеді деп ойлаймын.

Жалпыхалықтың коалиция мүшелері солтүстікқазақстандық волонтёрлер және жастар қауымымен кездесті. Конституцияның жаңа жобасында адамның интекллектуалды әлеуетіне баса мән берілген. Оның ішінде креативті индустрия мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде айқындалды. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков