Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді, деп хабарлайды 24KZ Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.