Референдумға шетелдегі отандастарымыз қатыса алады
15 наурызда өтетін Республикалық референдумға шетелде жүрген отандастарымыз да қатыса алады.
Ол үшін 54 елдегі Қазақстанның елшіліктері жанынан 71 референдум учаскесі құрылды. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі. Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға байланысты Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Иордания, Иран, Катар, Кувейт, Ливан және Омандағы Қазақстанның өкілдіктері жанынан құрылған референдум учаскелері уақытша жұмыс істемейді. Сонымен қатар қауіпсіздік үшін Украина мен Эфиопиядағы елшіліктері жанындағы учаскелер де уақытша жабық болады.