Қазақстандықтарға Таяу Шығысқа сапар шегуден бас тарту ұсынылды
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдеріне сапарлаудан бас тартуға шақырды.
Ал қаражатты қайтару немесе басқа мерзімге ауыстыру бойынша туристік агенттіктерге жүгіну қажет. Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға байланысты ондағы қазақстандық мекемелер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Отандастарға тәулік бойы консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Қауіпті аймақта жүрген азаматтардың тізімі де жаңартылуда. Жедел байланыс үшін арнайы чаттар құрылды. Ведомство жағдай шиеленіскен аймақтардан азаматтарды эвакуациялаудың ықтимал бағыттары қарастырылып жатқанын жеткізді.