Республикалық референдумға бақылаушыларды дайындау жүріп жатыр
Республикалық референдумға бақылаушыларды дайындау қызу жүріп жатыр.
«Ел Дауысы» қоғамдық қоры осы науқанға қатысатын 2 мыңнан астам адамды оқытты. Олардың арасынан дауыс беру учаскелерінде жұмыс істейтін бақылаушылар командасы жасақталады. Айта кетейік, қор 2020 жылдан бері азаматтық бақылауды дамыту және сайлауға бақылаушыларды дайындаумен айналысады. Дайындық аясында оқу семинарлары, консультациялар және өңірлердегі көшпелі кездесулер өтіп жатыр. Сондай-ақ онлайн оқыту да қарастырылған. Биыл қоғамдық бақылау жобасы Қазақстанның 32 қаласында жұмыс істейді. Бақылаушылардың басты міндеті – дауыс беру рәсімдерінің ашықтығын және заңның сақталуын қамтамасыз ету.
Гамал Түзелбаев, "Ел дауысы" қоғамдық қорының республикалық үйлестірушісі:
- Байқаушылардың негізгі міндеттері референдум болған кезде осы құқық бұзылмауын қадағалау, қарап байқау. Құқық бұзушылар болып жатса, соған шағым түсіріп, үйлестірушілер арқылы бізге жеткізіп, біз деген керекті шараларды қолдануымыз керек. Учаскідегі сайлау комиссиясының төрағасына, мүшелеріне соны жеткізуіміз керек.
Өміржан Шарғынов, қала тұрғыны
- Биылғы референдумға байқаушы ретінде қатысып көргім келді. Біріншіден, ол өзімнің азаматтық позициям. Қазір мемлекетімізде болайын деп жатқан үлкен өзгерістердің ішінде болу. Байқаушы ретінде өзімнің бақылау жұмысымды атқарып көргім келеді. Ел дауысы қоғамдық қорына осындай ұйымдамтырып жатыр дегенді естіп, ұсыныспен солай келдік.