Өңірлерде барлық 10 388 учаске дауыс беруге кірісті
Сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 10 мың 388 учаске дауыс беруге кірісті.
92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды. Тізімдерге 12 млн 461мың 796 азамат енгізілді. Бұл облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректері. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 17 мың 514 есептен шығару куәлігін берді. Республикада 10 мың 388 дауыс беру учаскесі бар. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 54 елде 71 учаске орналасқан